БАҚ біз жайлы

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі болып есептеледі. Бұл  – әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салатын әрі өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мейрамы. Кез келген науқастың қажетті ем алып, аяқтан тұруын басты назарда ұстайтын бұл мамандық иелерінің еңбектері ерен. Мереке қарсаңында елордалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Досмаилов Біржан Серікбекұлымен тілдескен едік. Ол жауапты қызметті жиырма жылдан бері адал атқарып келеді.

Бүгін елордада үздік дәрігерлер марапатталды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Жастар энергиясы - елордалық денсаулық ісінің сенімді болашағы" атты іс-шара аясында "Altyn shipager" медициналық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.

"Бұл шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, медициналық қызметкерлер және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Биылғы шараның ерекшелігі сол - "Жастар жылы" аясында өтеді. Былтыр жасы үлкен, білікті мамандар қатысса, биыл жас мамандарға назар аударылып отыр",- дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  Әлия Рүстемова.

Табысталатын сыйлық номинациялары 2 категорияға бөлінген:  9 жылпы және 2 арнайы сыйлық.

"Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға бірінші рет қатысқалы тұрмын. "Бірегей ота жасағаны үшін" номинациясынан үш дәрігер үміткер. Шынымды айтсам, қобалжып тұрмын. Мен жасаған ота түрі "нейроэндоскопиялық лаваш" деп аталады. Ол инсульт алған балалардың басын кішкене кесіп, нейроэндоскоп арқылы жасалатын ота түрі. Бұл ота түрін алғаш он жыл бүрын немістер енгізген. Қазіргі таңда біз де жасап жүрміз. Осы ота түрі жасалғанда балалар жылдам өз-өзіне келеді және ота жасаудан кейін асқынулар болмайды. Алғашқы ота қыс мезгілінде дүниеге келгеніне 23 күн болған нәрестеге жасалды",- дейді №2 қалалық балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімінің басшысы Азамат Жайылғанов.

Ұсынылған мүсіннің негізі ретінде Канн сыйлығының "Алтын пальма бұтағы" алынып отыр. Лавр жапырағы денсаулық пен ұзақ ғұмырды білдіреді.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық №2-ші қалалық балалар ауруханасының жанынан «Ана мен бала» аллеясы ашылды.

Сәбилерге арналған аурухана ауласына 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Қасиетті рамазан айында өткен шара мүфтият мамандарының батасымен басталды.

«Елордадан басталған эстафетаны Қауымдастықтың 17 аймақта 17 бөлімшесі қодады. Бүгін, 17 қалада мыңға жуық ағаш отырғызылды. Айтпақшы, көктемде ағаш отырғызу шарасы биыл бірінші рет өтіп жатқан жоқ. 2016 жылдан бері еліміздің түкпір-түкіпірінде 7 мыңнан астам ағаш пен 10 мың гүлзар отырғызылды. Шараның халықаралық «отбасы күнімен» тұспа-тұс келуі бекер емес» - дейді, ұйымдастырушылар.

«Бұл акция берік жанұя символы іспеттес. Тамырын тереңге жайған ағаш, шаңырағы биік отбасындай ғой. Сондықтан, біз бүгін болашаққа арналған ізгі іс істедік деп есептеймін» - дейді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық балалар ауруханасының жанынан «Ана мен бала» аллеясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қасиетті рамазан айында өткен шара мүфтият мамандарының батасымен басталып, балалар ауруханасының ауласына 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Бұл бастаманы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған. «Бұл акция берік отбасы символы іспеттес. Тамырын тереңге жайған ағаш, шаңырағы биік отбасы сияқты емес пе. Сондықтан, біз бүгін болашаққа арналған ізгі іс жасадық деп есептеймін», - деді аллеяның ашылуында Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.