БАҚ біз жайлы

Бүгін елордада Нұр-Сұлтан қаласының №2-ші қалалық балалар ауруханасының жанынан «Ана мен бала» аллеясы ашылды. Сәбилерге арналған аурухана ауласына 200-ге  жуық ағаш отырғызылды.

Қасиетті рамазан айында өткен шара мүфтият мамандарының батасымен басталды. Болашаққа бағытталған игі  бастаманы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған. Елордадан басталған эстафетаны Қауымдастықтың 17 аймақта 17 бөлімшесі қодап әкеткен. Бүгін сонымен  қатар, 17 қалада мыңға жуық ағаш отырғызылды. Айтпақшы, көктемде ағаш отырғызу шарасы биыл бірінші рет өтіп жатқан жоқ. 2016 жылдан бері еліміздің түкпір-түкпірінде 7 мыңнан астам ағаш пен 10 мың  гүлзар отырғызылды. Шараның халықаралық «отбасы күнімен» тұспа-тұс келуі бекер емес-дейді, ұйымдастырушылар. Ал Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаеваның айтуынша, бұл акция берік жанұя символы іспеттес. Тамырын тереңге жайған ағаш, шаңырағы биік отбасындай ғой. Сондықтан, біз бүгін болашаққа арналған ізгі іс істедік деп есептеймін.

Истоник: www.ulys.kz

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.