ЖАҢЫЛЫҚТАР

Қазақстан Конституциясына 25 жыл! Осыған орай «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында» Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Әбішев Хабылсая Әзімбайұлының, Конституциялық Кеңес аппаратының Басшысы Бақыт Маратұлы Нұрмұхановтың, Конституциялық Кеңес Аппараты Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрым Жақсылықұлы Тасболатовтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. Халқымыз үшін ең маңызды мереке - Конституция күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға  бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілейміз!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.