ЖАҢЫЛЫҚТАР

2019 жылғы 11-12 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасының базасында «Сүндет 2019» акциясы аяқталды. Көп балалы және әлеуметтік мұқтаж отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 110 балаға «Nur Otan» партиясының елордалық филиалының берген тізіміне сәйкес қайырымдылық негізде сүндетке отырғызылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірлігінің Елшілігі және «Ummet» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, сондай-ақ мешіт өкілдері де шақыртылды.

Мақсаты – көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балалар «Циркумцизия» (сүндетке отырғызу) медициналық қызметін өтеусіз негізде алды.

Акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының 10 балалар хирург дәрігерлері жұмылдырылды.

Балалар рәсімнен кейін назарсыз қалмады. Әр балаға ойыншықтар мен тәттілер берілді. Барлық ата-аналарға операциядан кейінгі балалар күтімі бойынша жадынамалар таратылды.

№2 қалалық балалар ауруханасы 2019 жылғы 09 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығымен, сондай-ақ «Дос тәуелсіз өмір» орталығы қоғамдық мүгедектер бірлестігімен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы Мүгедектер күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық өмірдің барлық салаларына мүгедектер құқықтарын алға жылжыту, сондай-ақ кең жұртшылықтың назарын мүгедектер проблемасына аудару.

Шараны ашқан бас дәрігер Досмаилов Біржан Серікбайұлы Халықаралық мүгедектер күнімен құттықтады және «Дос тәуелсіз өмір» орталығы қоғамдық мүгедектер бірлестігін қоғамдық және әлеуметтік пайдалы іске белсенді қосқан үлесі және қоғам проблемаларына бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдірді.

Түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен әсерлі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ қыш құмыра және мүсіндеу өнері бойынша шеберлік сыныбы өтті. Барлық қатысушылар Дос орталығының шебер мамандары!

Құрметті достар! Қаланың, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуларыңыз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз сіздерге деген құрметті арттыра түседі.

Сіздерге мол күш-қуат, шексіз еркіндік пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз, рухтарыңыз биік боп, жақындарыңыздың жылылығы мен махаббатына бөленіп жүре беріңіздер! Бақыт пен сәттілік серіктеріңіз болсын!

2019 жылғы 4 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасы базасында қалалық Қазақстандық аурухана кәсіподағы әкімшілікпен бірлесіп Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Қарттар күнін өткізудің басты мақсаты  – қарттарды, зейнеткерлерді назарсыз қалдырмау, қарттықты құрметтеу және құрметтеу дәстүрлеріне, олардың еңбегін мойындау және мемлекеттің дамуына көпқырлы үлес ретінде құрмет көрсету.

Іс-шараны аша отырып, бас дәрігер Б. С. Досмаилов отаншылдыққа тәрбиелеуді, қарт адамдарға құрмет көрсетуді – Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асырудағы бірінші кезектегі маңызды мәселелер екенін атап өтті. «Сіздің еңбегіңіз бен барлық өмір жолыңыз өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Сіз іс жүзінде Отанға және өз халқына шексіз қызмет етудің үлгісін көрсеттіңіз. Бұл үшін біздің төмен тағзым және алғыс білдіруімізді қабыл алыңыздар», –деді Біржан Серікбекұлы.

Сонымен қатар, №2 қалалық балалар ауруханасының еңбек ардагері, бұрынғы бас дәрігер К. К. Құлмұқанов құттықтау сөз сөйлеп, өз әріптестерін осы тамаша мерекемен құттықтады.

Халықаралық қарттар күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Аурухана басшылығының құттықтауына Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының өкілдері қосылды,  онда аурухана қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қарттар үшін сыйлықтар мен мерекелік дастархан жайылды.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.