ЖАҢЫЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылғы 7-8 маусымда сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін  №2 қалалық балалар ауруханасында «Сүндет 2019» акциясы өтіп жатыр. Әкімдік берген тізіміне сәйкес, көп балалы отбасылардан 3-7 жас аралығындағы 110-нан астам балаларға арнап  «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.

Мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балаларға  өтеусіз негізде «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.

Акция аясында үздік мамандандырылған 10 балалар хирургтары ат салысады. Сонымен қоса акцияға Урологтар қоғамының Конгрессіне келген үздік урологтар да шақырылды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының қолдауымен арнайы балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға мешіт және аудан әкімдіктерінің өкілдері, урологтар қоғамының Конгресіне келген Түркияның шетелдік қонақтары шақырылды.

Gdb2astana.kz  ресми сайтының  «Ата-аналардың назарына»  бөлімінде операциядан кейінгі кезеңде күту бойынша жадынама орналастырылған.

Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шоранов Марат Едигеевич қолдауымен «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясын ұйымдастырды. Халықаралық отбасы күніне арнап өткізілетін осы акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының аумағына ағаштар егіліп, беседкалар орнатылды.

Акцияның мақсаты: халықтың елдің барлық қалаларындағы әлеуметтік маңызды объектілерді абаттандыруға және көгалдандыруға жеке үлесін қосу арқылы азаматтық ұстанымды жандандыру. Акция аясында шамамен 180 көшет отырғызылды.

Раушан Сарсембаева,  Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл күні әр елдерде отбасы құндылығын насихаттау және қоғамдағы әйелдер мен балалардың проблемалары туралы хабарландыруды арттыру үшін түрлі шаралар мен акциялар өткізіледі. Отбасы арқасында мемлекеттіміз нығайып дамиды. Елдің хал-ахуалы артады. Сондықтан біз бұл мерекені ерекше, пайдалы істермен атап өткіміз келеді».

Акцияның басты негізі – отбасы, ана мен бала рөлін арттыру сияқты міндеттерді қамтиды, ол мемлекет деңгейінде ғана емес, сонымен бірге барша азаматтық қоғамның тікелей белсенді жұмылуы арқылы шешілуі тиіс. Әрі «Ана мен бала аллеясы» акциясы экологиялық отбасылық дәстүрді таратудың аспабына айналуы тиіс, яғни жас ұрпақты  жасыл желекке ұқыпты қарауға тәрбиелеу қажет.

Күні: 05.03.19

Уақыты: 10.00 сағ.

Өткізу орны: Астана қ.

Мекен-жайы: Астана қаласы Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы».

Балалар невролог, нейрофизиолог, психиатрлар және психотерапевтер қоғамдық бірлестігімен бірге №2 қалалық балалар ауруханасының неврология және оңалту бөлімшесі және «Астана Медициналық Университеті» АҚ неврология кафедрасы «Күлгін күн»  эпилепсия туралы халықаралық хабардарлық мерекелік шараны өткізуді жоспарлайды.

Іс-шара бағдарламасы:

1. 10:00-10:30 сағ. Ата-аналарға арналған «Эпилепсия және эпилепсиялық талма жағдайында алғашқы көмек көрсету әдістері» тақырыбындағы дәріс.

2. 10:30-13:00 сағ. «Эпилепсия» диагнозымен Астананың балаларын консультациялық қабылдау.

3. 13:00-13:30 сағ. Ақпараттық буклеттер тарату, «Шексіз әлем» тақырыбында эпилепсия бар балалар арасында сурет байқауы.

4. 14:00-14:50 сағ. Эпилепсия бойынша дәрігерлерге арналған семинар, оқытушы, неврология кафедрасының профессоры, м.ғ.д., дәрігер Джаксыбаева А.Х.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.