Астана қаласының №2 Қалалық балалар ауруханасындағы «Қарттар күні» мен «Еңбек күні»
Биография Дэвида Моррела
продажа авто в омске
книжный магазин книжный магазин онлайн
Биыл бірінші рет мерекеленіп отырған «Еңбек күні» және жыл сайынғы қыркүйектіктің атаулы күніне айналған «Қарттар күні» астанамызда көпшілікке арналған концерттер, сенбіліктер, кездесулер, еңбек ардагерінің шерулері, спорттық іс-шаралар, қоғамдық тұлғаның көңіл-күйін көтеру мақсатындағы экскурсиялар, жұмыс мамандықтарының презентациялары, өндіріс саласына жастарды жұмылдыру, көп жылғы дәстүрлі жұмыс династиясын нығайту іс-шаралары өткізілді.
Әлбетте, мұндай атаулы күндерді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №2 Қалалық балалар ауруханасының ұжымы да атап өтті. Іс-шара аясында ұйымның кәсіподақ комитеті тарапынан 40 ардагер, сондай-ақ еңбек озаттары құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 80 қатысушыға арналып мерекелік фуршет пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мереке қарсаңында аурухананың бүкіл ұжымы қалалық сенбілікке шығып, аурухана төңірегін көріктендіріп, көшеттер отырғызуға белсене ат салысты. Астана қаласының Медицина қызметкерлерінің кәсіподақтары федерациясының филиалы ұйымның кәсіподақ мүшелеріне құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтар табыстады.
ШЖҚ МКК «№2 ҚБА» бас дәрігерінің орынбасары Ж.Накипов
Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!
Debug: specified directory - http://gdb2astana.kz/images/news/08.10.15