• Қазақ тілі
  • Русский

Басып шығару

Шара қорытындысы бойынша мақала

БЖЗҚ жастарға есігін ашты

 

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Астана қаласындағы филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 436  адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды.  Филиал директорының орынбасары А.Ниетов атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.  

 

- «Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі. 

Басып шығару

Астанадағы №2 балалар ауруханасында 100-ге тарта медициналық құжаттың нұсқасы сандық жүйеге ауыстырылған

Келесі жылдың 1қаңтарынан бастап еліміздегі барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды ешқандай қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуі тиіс. Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында осындай тапсырма бергені белгілі. Бұл міндетті қазірдің өзінде табысты жүзеге асырып жатқан емдеу мекемелері бар. Солардың бірі Астанадағы №2 балалар ауруханасында 100-ге тарта медициналық құжаттың нұсқасы сандық жүйеге ауыстырылған.

Пәле аяқ астында. Дарын ойнап жүріп, жығылып қолын сындырады. Сол №2 балалар ауруханасына келіп түседі. Дереу ота жасалып, гипс тағады. Үш аптада жарақаты жазылып, қазір қалыпқа келу курсынан өтіп жүр. Дарынның анасы «қағазсыз аурухана» қызметіне дән риза.

Айнұр Балғабайқызы, қала тұрғыны:

Басып шығару

«Ашық есіктер күні»

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК базасында 2018 жылдың 26 мамырында таңғы 09:00-дан бастап барлық есіктер балаларға ашық болды.

«Халықаралық балалар қорғау мерекесіне» арнап, «Ашық есіктер күні» ұйымдастырылды.

Қабылдауға тек астаналық балалары ғана емес, сонымен қоса қала маңындағы Ақмола облысының аудандарынан, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалаларының балалары ата-аналарымен келді.  Толық 5-6 балалары бар отбасылар да келді. Келген адамдар санының көп болғанына  қарамастан, дәрігерлер өз жұмыстарын атқара алды.

Басып шығару

Жапондық делегациямен кездесуі

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 Қалалық балалар ауруханасы» МКК-ның базасында жапондық делегациямен кездесу өтті. Кездесуде Жапонияның шетелдік істер бойынша секретариатінің  Қаржы бөлімінің бастығының бірінші орынбасары - Сонода Йо (SONODA Yo), Жапонияның Қаржы министрлігінің Бюджеттік бюросының шетелдік істер бойынша инспекторы - Ватанабэ Масааки (WATANABE Masaaki), Жапонияның Қаржы министрлігінің Бюджеттік бюросының қызметкері - Домэки Риса (DOMEKI Risa), ҚР Жапония елшілік үйінің кеңесшісі - Окава Соитиро (OKAWA Soichiro), ҚР Жапония елшілік үйінің бірінші хатшысы - Исибики Юкио (ISHIBIKI Yukio), ҚР Жапония елшілік үйінің үшінші хатшысы - ТАКАНАСИ Сатору (TAKANASHI Satoru), Жапония елшілік үйінің қаржы және қаржылық дамыту бөлімінің атташесі - Танака Юма (TANAKA Yuma), Қырғызстан және Қазақстан Респуликаларындағы JICA-ның тұрақты өкілі - Кикучи Казухико, Қазақстандағы JICA эксперті мен жобаларды құру бойынша кеңесші – Мураяма Мицуо (MURAYAMA Mitsuo), Қазақстандағы жергілікті кеңсенің бағдарламалардың координаторы – Редькин Геннадий.