Басып шығару

«Несеп жолдарының туа біткен кемістігінің дамуы жағдайында балалар урологиясында қолданылатын реконструктивтік оталар»

Астана қаласының «№2 Қалалық балалар ауруханасы» қабырғасында «Қасиетті жол» Қоғамдық қайырымдылық қоры және «Exxon Mobil Corporation» жоба демеушісінің қолдауымен 2015 жылдың 1-5 шілде аралығында «Несеп жолдарының туа біткен кемістігінің дамуы жағдайында балалар урологиясында қолданылатын реконструктивтік оталар» туралы шеберлік сабағы өтті. Қазіргі таңда клиниканың жабдықталуы несеп-жыныс жүйесіндегі туа біткен кемістікке күрделі реконструктивтік оталар жасауға мүмкіндік береді, бұл ретте балалар урологиясы саласының отандық мамандары ота барысында тікелей көмек көрсетіп, шетелдік әріптестерінің тәжірибесін қабылдауға ниетті. Барлық қатысушылар теориялық білімдерін жүйелеуді сонымен бірге тактикалық және оперативті дағдыларын жетілдіру мақсатында біріккен.

Оқыту-білім беру негізіндегі шеберлік сабағы Ұлыбританияның Лондон қаласындағы «Great Ormond Street Hospital» клиникасында жұмыс істейтін, балалар урологиясы саласындағы танымал маман профессор Имран Муштактың қатысуымен өткізілді. Дәрігер 2014 жылдың өзінде-ақ 5 сәтті ота жасап, жас бүлдіршіндердің сырқаттарынан айығуларына көмектесті. Осы шеберлік сабағының аясында өтілген отаның күрделі санатына жататын 6 реконструктивтік-пластикалық ота жасалды. Дәрігерлеріміздің біліктілігін жоғарылату жас бүлдіршіндерімізді шетелге емделуге жібермей-ақ, өзімізде осындай күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді.