Консультативті-диагностикалық орталығы
Биография Дэвида Моррела
продажа авто в омске
книжный магазин книжный магазин онлайн
Руководитель консультативно-диагностического центра
Рыскулбекова Мадина Акпановна
Врач - кардиоревматолог I категории
Главный внештатный кардиоревматолог г.Астаны
Раб.тел.8 (7172) 54-24-91
Тіркеу бөлімінің телефондары: 70-97-86, 70-97-87
Мекемеде 53-дәрігер , 61-орта буынды медициналық қызметкер, 8- тіркеуші, 12- санитар, 2- техникалық персонал жұмыс істейді. Жоспарлы әлеуеті-бір ауысымда 250-адам қабылдай алады.Дәрігерлердің жалпы санын алғанда,20-дәрігердің біліктілік санаты бар. Орта буынды медициналық қызметкерлердің ішінде 35-мейірбикенің біліктілік санаты бар. 23 дәрігерлік мамандық бойынша көмек ұсынылады.Бөлімшеде консультативті қабылдаулар жүргізіледі.( мамандандырыған балалар) :
- педиатр
- нефролог
- бет-жақсүйек хирургі
- невропатолог
- инфекционист- хирург
- пульмонолог
- эндокринолог
- гематолог
- кардиолог
- оториноларинголог
- офтальмолог
- ревматолог
- сурдолог
- балалар- гинекологі
- хирург
- гастроэнтеролог
- аллерголога
- травматолог
- уролог
- күндізгі стационар
- логопед
- психолог
Консультативтік-диагностикалық емхана 2004 жылғы 28 маусымнан бастап,жұмыс істейді. Консультативтік-диагностикалық көмек Астана қаласының барлық тұрғын балаларына көрсетіледі.Емхана типтік үш қабатты ғимаратта орналасқан, емхана мен стационар арнайы өтетін жермен жалғасып жатыр. Жоспарлы әлеуеті-бір ауысымда 250-адам қабылдай алады. 2010жылғы 25 наурыздан бастап, 8.00- ден 20.00-ге дейін қабылдау жүргізілуде. Келесі мамандар көмек көрсетеді: хирург, уролог, травматолог-ортопед, инфекционист, аллерголог, нефролог, кардиоревматолог, гастроэнтеролог, пульмонолог, офтальмолог, оториноларинголог, гематолог, сурдолог, гинеколог, невропатолог, эндокринолог, стоматолог – хирург, стоматолог – терапевт, логопед, дефектолог, психолог. 20 төсек-орындық күндізгі стационар бар.
Көмек түрлері:
1. Консультативтік-диагностикалық көмек беру профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдары арқылы жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық қызметтерге мыналар кіреді:
- Алғашқы медициналық- санитарлық көмек беру мамандарымен бірлікте тұрғындардың жеке топтарымен профилактикалық тексерулер жүргізу
- Тұрғындардың жеке топтарын диспансерлік қадағалау.
- Айналадағы адамдарға қауіп тудыратын,сонымен қатар кәсіби аурулардың алдын-алу бойынша медициналық-профилактикалық іс-шаралар өткізу.
- Негізгі ауруларда мінез-құлық факторлары қаупін саралай отырып профилактика жүргізу,салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. .
3. Диагностикалық қызметтерге мыналар кіреді:
- Науқастарға медициналық көрсеткіштері бойынша лабораториялық және құрал-жабдықтар арқылы зерттеулер жүргізу.
- Науқастарға уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтамалар беру және оны одан әрі создыру туралы сараптамалар жүргізу.
- Науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем беретін медициналық ұйымдарға, стационарлық ем жүргізетін медициналық мекемелерге медициналық көрсеткіштері бойынша жолдама беру.
4. Емдеу қызметтеріне мыналар кіреді:
- Науқас ауыр жағдайдан шыққанша немесе жедел дәрігерлік жәрдем беретін бригада келгенше жедел көмек беру.
- Медициналық көрсеткіштер бойынша науқасқа дәрі-дәрмек тағайындау;
- Ауруханаға жатқызуды талап етпейтін жоспарлы түрдегі хирургиялық операциялар;
- Манипуляциялық емдеу жүргізу;
- Медициналық көрсеткіштер бойынша физиоемдер тағайындау;
- Стоматологиялық ем жүргізу;
- Рецепттер шығару,оның ішінде жеңілдікпен/тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Тәулік бойы бақылау мен емдеуді қажет етпейтін науқастарға стационардың орнын басатын медициналық көмек беру;
- Бейіндік мамандар консультативтік – диагностикалық көмекті ПМСП маманының жолдамасы арқылы жүзеге асырады.
5. Бейіндік мамандар консультативтік – диагностикалық көмекті хаттамаларға сәйкес көрсетеді.
Хаттама болмаған жағдайда диагностикалық емдеу қызметтерінің көлемі медициналық көрсеткіштер бойынша көпшілік мақұлдаған амалдарға сәйкес анықталады.
6. Науқасты консультацияға жіберген дәрігерге, бейіндік маман науқасқа одан әрі ем жүргізу туралы нұсқаулықты,жүргізілген емдер мен зерттеулерді көрсетіп,қортынды береді.
7. Науқас күндізгі стационардан шыққан соң,берілген нұсқаулық пен науқастың жағдайына байланысты оны бейіндік маман немесе алғашқы медициналық- санитарлық көмек беру маманы бақылайды
8. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсеткенде емхана төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- Лицензияға сәйкес сапалы медициналық қызмет көрсетеді;
- Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган рұқсат еткен дәрілерді,аурудың алдын-алу тәсілдерін, сонымен қатар дәрілік құрал-жабдықтарды қолдануға;
- Айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар туралы ескертуге,оның алдын-алуға,диагностика жүргізуге және ауруды емдеуге;
- Медициналық жәрдем берудің түрлері мен формалары туралы азаматтарға жедел, дәл,нақты ақпараттар беру.
- Санитарлық - эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтау.
- Тұрғындарды гигиенаға баулу және салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу ;
- Денсаулық сақтау саласының өзге ұйымдарымен өзара сабақтастықта,әрекеттестікте болу ;
Диагностика: Электроэнцефалография және реоэнцефалография, нейросонография, электрокардиография, құрсақ қуысы органдарын УДЗ(ультрадыбыстық зерттеу),жамбасты, бұлшықеттерді, бүйрек және қуық қалбыршағын , лимфа түйіндерін, ЭХО-кардиография, ұршық буынын УДЗ(ультрадыбыстық зерттеу), спирография, рентген арқылы зерттеу ,қанды лабораториялық талдау (толық анализ, биохимиялық талдау, коогулограмма, ПЦР,ИФА), зәр,нәжіс, риноцитограмма, аудиометрия,
Амбулаториялық хирургия орталығы: Ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін операциялар өтетін 2 операциялық блок бар.
Консультативтік-диагностикалық көмек беру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК-ның аумақтық емханалармен жасаған шарттарына сәйкес Астана қаласының пациенттеріне көрсететін қызмет түрлері:
Ескертпе: Клиникалық-диагностикалық қызметтер тек қана науқастың қолында аумақтық емханалардан берілген жолдамасы болған кезде ғана көрсетіледі. Аумақтық емханалардан берілген жолдама және клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету туралы екі жақты келісім болмаған жағдайда қызметтер тек қана ақылы түрде көрсетіледі.