• Қазақ тілі
  • Русский

Сұрақ-жауаптар   

#10 Қалаған 01.11.2017 09:16
Цитирую Қалаған:
Сәлеметсіз бе! Менің қызым 6 жаста тұтығып сөйлейді. Соған логопед маман керек. Сіздерде логопед бар ма? ол кісімен қалай байланысуға болады? немесе қалай қабылдауына жазылуға болады?

Сәлеметсіз бе! Логопед маманы дұйсенбі-сәрсенбі 09:00 ден 12:00 ге дейін, сейсенбі-бейсенбі 12:00 ден 15:00 ге дейін нағыз кезекпен (живая очередь) кеңес беру жұргізеді. ІАҚ және ПҚ бөлім басшысы.
Сұраққа жауап
#9 Жулдызға жауап 12.09.2017 11:56
Цитирую Жулдыз:
Сәлеметсіз бе!МРТ жұмыс істеп жатыр ма? қанша тұрады? жазылу керек пе? Рахмет


Сәлеметсіз бе, Жұлдыз! Қазіргі таңда, МРТ аппараты істен шығып тұр. МРТ аппаратымен тексеруден өту бағасы, Сіздің тексеруден өткізетін дене мүшеңізге байланысты болып табылады. Тексеруден өтуге алдын ала жазылымға мына 8 (7172) 70-97-66 телефон арқылы байланыса аласыз. Ал біздің ауруханамыздың ақылы қызметтерінің бағасын электрондың парақшасының келесі http://gdb2astana.kz/index.php/ru/2015-12-08-04-47-40/uslugi/platnye-uslugi сілтемесі бойынша көре аласыз. Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметінің басшысы.
Сұраққа жауап
#8 Нурға жауап 01.08.2017 03:50
Цитирую Нур:
Сәлеметсіңдерме. 9 участоктын 107 кабинеттеги медбикенин тел номерин жазып жиберсендер.

Сәлеметсізбе! Консультативті-диагностикалық емханада тек жолдама бойынша салалық маман дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Біздің емханада участок жоқ, мүмкін басқа емханамен шатастырып жатқан боларсыз.
Сұраққа жауап
#7 Дария Баешеваға жауап 18.07.2017 19:01
Цитирую Дария Баешева:
Сəлеметсіз бе? Мен Алматықаласының тұрғынымын. Баламда отадан соң левосторонний гемипарез пайда болды. Судорогосы да бар. Сол қолы менсол аяғын емдеуім керек. Сіздердің көмектеріңіз керек

Сәлеметсіз! Қай жерде ота жасаттыңыз? Қай қалада тұрып жатырсыз? Балаңызды диагностикалық зерттеулерден өткізу қажет. Егер алғашқы судорогосы болса, жедел ауру ретінде ауруханаға жатқызуға болады. Ал егер невропатолог дәрігерде есепте тұратын болса, портал арқылы ауруханаға кезекке қою керек.
Сұраққа жауап
#6 Аигул Кавдрашқа жауап 08.06.2017 18:56
Цитирую Аигул Кавдраш:
Сәлеметсіз дерме! Менің сіздерден сұрайын дегенім ұлының қалтасы босай береди улбиреп тұрады 9 жаста не истесем болады! Тугалы солай сундетке отырғыз гам сонда қалтасы қатаймайды? Отинем не истесем болады жауап жазыңыз даршы күтемін

Құрметті Айгүл! Сіздің балаңызды урологқа көрсету керек. Біздің емханамыздағы уролог дәрігерге жолдама алуыңызға болады. Ол сіз үшін тегін. Келерден алдын 70-97-86, 70-98-86телефон нөмірлеріне хабарласып жазылуыңызды cұраймыз.
ІАБ және ПҚ бөлімінің басшысы
Сұраққа жауап
#5 Гулсанаға жауап 17.04.2017 05:55
Цитирую Гулсана:
Cәлеметсіз бе! Менің балам 8-жаста, тісін жұлып емдету үшін (дарилерге аллергиясы бар) сіздерге қалай жатқызып емдетуге болады. Осыдан 2жыл бурын экстренныймен түсіп бір апта емделіп шыққанбыз.(челюстью-лицевой бөліміне)

Сізге «Жақ-бет хирургия» бөлімшесіндегі «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына қажет болған жағдайда кезекке қоя алатын, жергілікті тіркеу бойынша участкелік дәрігерге хабарласуыңыз керек. Барлық қызушылық танытқан сұрақтар бойынша жақ-бет хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Жаканов Төлеу Ванцетұлына байланыс тел. 70-97-84
Сұраққа жауап
#4 Жамила Кулекеноваға жауап 01.04.2017 17:55
Цитирую Жамила Кулекенова:
Салеметсизбе биз Кызылорда обл-нан быз менин 1жарым жасар кызым мурнымен дурыс дем ала алмайды мурнынын шемиршеги кисык деген енди ардиноид бар дейди.тунде мурны кургап битип аузымен деп алады.мурнына детский називин тамызып жатырмын.
Кейде азанда судорог устайды,сол мурыннан шыгар деп ойлаймын.ози алсиз имунитет томен салмак коспайды отинем комектесиниздерши осы жактан бизге ем бола ма калай болады екен порталга сала ма?

Құрметті Жамила! Сізге «Отоларингология» бөлімшесіндегі «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына қажет болған жағдайда кезекке қоя алатын, жергілікті тіркеу бойынша участкелік дәрігерге хабарласуыңыз керек. Альтернавтік ретінде, сайттағы шаруашылық есеп бөлімшесіндегі ақылы қабылдауларды қарай аласыз. Барлық қызушылық танытқан сұрақтар бойынша отоларингология бөлімшесінің меңгерушісі Абилев Арман Амангельдиновичке байланыс тел. 70-97-43, 70-97-44 және емдеу-профилактикалық жұмыс бойынша бас дәрігердің орынбасарымен Асилбеков Ұлыбек Егеновичпен тел: 709721 бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Сұраққа жауап
#3 Айгерімге жауап 16.03.2017 03:45
Цитирую айгерім:
сəлеметсіздерма?менің улым 4 жаста.лор врач аденоидты алдыру керек дейді.сіздердің 2городской детский больницаны жаксы дейді.Лор болимінің заведующий врачы жаксы жасайды деп рекомендация берді.Біз Кызылорда Облысынан.платный жасатсак канша каржы кетеді.квотамен барсак канша уаеыт кутеміз.акшамен барсак анализдерді сол жактан бирден тапсырамызба.алде тапсыоып баруымыз керек па?жауап кутемин.

Сәлеметсізбе Айгерім! тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша сіз ақысыз түрде ем алуыңызға болады. Тіркелген орыны бойынша Сіз балаңызбен барлық анализдерді тапсыру керексіз. Тапсыру анализдердин тізімі gdb2astana.kz сайтыңда «Пациенттерге ақпарат» бөлімінде бар. Бірақ алдына ала отоларингология бөлімінің меңгерушісімен Абилев Арман Амангельдиновичпен хабарласуыңызды сұраймыз тел: 70-97-43,70-97-44
Сұраққа жауап
#2 Каламкасқа жауап 28.02.2017 17:05
Цитирую Каламкас:
Менің 1 жас 3 айлық қызымда туғанынан сол жақ бетінде құлағының артында мойынына қарай қызыл дақ бар.Перзентханадан шыққанда гемангиома деген 2 айында хирургтар "винное пятно" деген диагноз қойды. Осы сұрақ бойынша кімге хабарлассам болады?

Сәлеметсізбе Каламкас! Бұл сұрақ бойынша бөлім меңгерушісімен Мингазов Ирек Тауфиковичпен хабарласуыңызға болады, тел: 709733
Сұраққа жауап
#1 Жанарға жауап 12.02.2017 09:40
Цитирую Жанар:
Сәлеметсіздер ме! сіздерде эпилептолог мамандары бар ма?

Сәлеметсіз бе, Жанар! Бізде эпилептолог мамандары бар. Толык ақпарат алу үшін неврология және реабилитация бөлімінін меңгерушисіне Хойч Айнурға 70-97-54 хабарласуыңызды сұраймыз
Сұраққа жауап

Сұрақ қою

Защитный код
Қайтадан