• Қазақ тілі
  • Русский

Басып шығару

№2 қалалық балалар ауруханасында өткен Мемлекеттік рәміздер күні

Ағымдағы жылдың 3 маусымында  Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Балалар әлем көзімен» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты жас жеткіншектердің бойына Отанына  деген патриоттық, адамгершілік, отансүйгіш қасиеттерін, Отаншылдық, ұлтжандылық, оның өткені үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен қатар, ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру болып табылады.

Аталған байқауда 20 бала белсенді түрде қатысты. Өздерінің туындыларында, шығармаларында қазақстандық патриотизмнің ажырамас бөлігі болып табылатын –мемлекеттік рәміздердің құндылықтарын ашуға тырысты. Балалар өздерінің туындылары арқылы олар мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің басты белгісі, кез келген елдің баға жетпес зияткерлік меншігі болып табылатындығын  тағы да дәлелдеді. 

Ағымдағы жылдың 3 маусымында  Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Балалар әлем көзімен» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты жас жеткіншектердің бойына Отанына  деген патриоттық, адамгершілік, отансүйгіш қасиеттерін, Отаншылдық, ұлтжандылық, оның өткені үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен қатар, ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру болып табылады.

Аталған байқауда 20 бала белсенді түрде қатысты. Өздерінің туындыларында, шығармаларында қазақстандық патриотизмнің ажырамас бөлігі болып табылатын –мемлекеттік рәміздердің құндылықтарын ашуға тырысты. Балалар өздерінің туындылары арқылы олар мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің басты белгісі, кез келген елдің баға жетпес зияткерлік меншігі болып табылатындығын  тағы да дәлелдеді. Біз өзіміздің ең жақсы игіліктерімізді және жарық үмітімізді тек жат жеткіншектермен ғана байланыстыра аламыз. Барлық қатысушыларға Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы ұсынған екі тілде әзірленген Мемлекеттік рәміздер бойынша арнайы кітаптар мен бейнематериалдар  таратылды. Ақпараттық қолдауды «Қазақстан» Ұлттық телерадио команиясы көрсетті. 

 

 

 

 

 

 

Барлық суреттерді қарау

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.jpg

Серіктестер

01.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg