Жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығы.
Биография Дэвида Моррела
продажа авто в омске
книжный магазин книжный магазин онлайн
Жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығы.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен Білім басқармасының бірлескен 2014-2015 оқу жылдарына арналған жоспарына сәйкес, бір тармақшасында жасөспірім қыздардың репродуктивтік мәселесі қойылған. Осыған орай 2014 жылғы 25 қарашада № 28 орта мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігерінің ұйымдастыруымен « Жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсалығы .» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда аурухананың дәрігер гинекологы Касенова Самал Жанатқызы сөз сөйледі. Репрдуктивті денсаулық ДДҰ анықтауы бойынша бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның процестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтің денсаулығының сау болу кезеңі. Біздің елімізде репродуктивті денсаулықты қорғауғабаланы дүниенеге әкелерде ана денсаулығының қауіпсіз жақсы болуы: медициналық- тектік тұрғыдан дәрігерлік кеңес беру, бедеулікті емдеу және оны болдырмау, жыныстық жолдармен берілетін ауруларды емдеу. Дүние жүзінде жыл сайын жүктілікке байланысты 600000 әйел көз жұмады, оның ішінде жасанды түсіктен көз жұматын сандары – 200000. Жүктілік және бала туу кезінде 20-30 % әйелдер ғана тәуекелге ұшырамайды – осы репродуктивті әйел денсаулығының төменгі репродуктивті көрсеткіші болып табылады.Жыл сайын 95 – 100 мын жасанды түсік жасалады, сонын ішінде балалар мен жасөспірімдер 11% құрайды. Әйелдердің 50% - да жасанды түсіктен кейін аурулардың асқынуы пайда болып, бедеулікке әкеліп соғады. Бала туатын жастағы әйелдердің 60 % қаназдыққа шалдыққан және өте жоғары көрсеткішті құрайтын жыныстық арқылы берілетін жұқпалы аурулар болып табылады. Адамның иммундық жүйесінің туа не жүре болған тапшылығы қауіп түндіріп тұр.Репродуктивті денсаулық бала кезден бастан қалыптасатының білуіміз шарт. Біздің елімізде жасөспірімдерге қалыптасқан жағдай көңіл аландатындай күйде болып отыр: жастарда жыныстық қатынастарға байланысты білім деңгейі өте төмен және сонымен қатар жасөспірім қыздардың 60 % түрлі гинекологиялық ауруларға шалдыққан, соның ішіндегі 20 % құарап тұрған – жыныстық арқылы тарайтын аурулар. Осы мәселеге орай сұрақ туылып тұр.
Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын жақсарту үшін не істеу керек ? - Репродуктивтік денсаулық және отбасын жоспарлау бойынша медициналық көмек беру қол жетімді болу керек. - Тұрғындардың контрацевтивтік мәселесі бойынша халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отырып ерте жүктіліктің алуға болады. - отбасын жоспарлау бойынша кепілдендірілген медициналық көмек көрсетуін одан әрі жақсарта отыру керек - Жасөспірімдерді адамгершілік мінез құқыл тәрбиелеу мәселесі бойынша ағарту іс- шараларын өткізіп отыру қажет
- болашақ аналар – жасөспірім қыздарды медициналық тексертуден өткізу қажет - салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет