Медициналық мекеме жайлы
Биография Дэвида Моррела
продажа авто в омске
книжный магазин книжный магазин онлайн
Медициналық мекеме жайлы
Астана қаласының №2 Қалалық балалар ауруханасы - тегін медициналық көмектің кепілді көлем (ТМККК) шеңбері бойынша балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін көп салалы мекеме болып табылады. 1992 жылы ұйымдастырылып және пайдалануға берілді. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап бір ауысымда 250 келушіні қабылдайтын емханасымен 350 орынды консультативтік-диагностикалық көп салалы қалалық балалар ауруханасы болып жаңа мекен-жайға (Рақымжан Қошқарбаев көшесі 64) құрылды. Стационарда 12 мамандандырылған клиникалық бөлімше қызмет етеді. Медициналық қызметтің негізгі бағыттары: балалар хирургиясы және педиатрия. Педиатриада жетекші болып мынадай бағыттар болып табылады: аллергология, кардиоревматология, пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, гематология, неврология, эндокринология, жоспарлы және іріңді хирургия, травматология және ортопедия, урология және нейрохирургия хирургиялық бейінде жетекші болып табылады.
Аурухананың өз құрамында мынадай қосалқы бөлімшелері бар: клиникалық-диагностикалық және биохимиялық зертхана; функционалдық диагностика бөлімшесі (ЭКГ, ЭХОЭГ және т.б.); сәулелі диагностика бөлімшесі, (рентген, компьютерлік және магниттік-резонансты томографиясы); эндоскопия бөлімшесі және физиотерапевтік бөлімшесі. Консультативтік-диагностикалық емханада астананың балалар тұрғындарына 23 мамандық бойынша мамандандырылған консультативтік көмек көрсетеді. Емхана жанында балаларға медициналық көмек көрсету үшін стационарда тәулік бойғы бақылауды қажет етпейтін 20 орынды күндізгі стационар қызмет етеді. Жыл ағымында №2 қалалық балалар ауруханасында Астана, Ақмола облысы және ҚР-ның басқа аймақтарынан 12 мыңға жуық балалар стационарлық ем қабылдайды.