• Қазақ тілі
  • Русский

Басып шығару

«Ашық есік күні»

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  «Ашық есік күніне» шақырады 

    «БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында  10:00  мен 17:00  аралығында Астана қаласы,  Т.Бигелдинов қөшесі, 12 үй өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  

           Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі: 

-         міндетті зейнетақы жинақтары;

-         міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

-         ерікті зейнетақы жинақтары туралы.

Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар: 

-         пошта арқылы;

-         электрондық пошта арқылы;

-         www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;

-         «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;

-         ENPF мобильді қосымшасы арқылы;

-         EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.

Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын. 

 

enpf.kz